Қай заманда да, қай ғасырда да тіл үшін күрес - күрестің ең ұлысы. Өйткені тіл мәселесі бір халықтың тұтас тағырын шешетін негізгі түйін. Сондықтан тілді рух, тілді тірі болмыс деп қарастырады. Тілсіз халық, жоғалған халық. Тәуелсіздіктің бүгінгі хал-қадірін ұғыну үшін де оның негізгі тірегі болған ана тілімізді ардақтау бәріміздің ортақ парызымыз. Осы мақсатта 17.09.2021ж. 78 мектеп-гимназиясында "Тіл үшін күрес - күрестің ең ұлысы" атты шағын танымдық кеш өтті. Кеш қонақтары - "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын, "Әдебиет порталының" әдеби шолушысы, дарынды журналист Арман Шеризат пен Республикалық, Халықаралық айтыстардың жүлдегері Тоба Өтепбаев оқушылармен еркін сұхбаттасты. Тұжырымды ой айтылған бұл кештің оқушылар өміріне өз әсері болатынына сеніміміз мол. Өткізген пән мұғалімдері: