2024-2025 оқу жылының жаңалықтары

“Жаратылыстану пәндер бірлестігі апталығы” аясында “Ғылым әлеміне саяхат” атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

Бүгін 11.02.2025ж күні , мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары арасында “Жаратылыстану пәндер бірлестігі апталығы” аясында

“Ғылым әлеміне саяхат” атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушы биология пәні мұғалімі: Түзелбаева Маржан Нұрланқызы

💡Ойын барысында оқушылар жаратылыстану пәні бойынша өз білімдерін тереңдетіп, ғылыми ойлау қабілеттерін дамытты. Интеллектуалдық тапсырмалармен қатар, физикалық ойындар да ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен шапшаңдығы сынға түсті. Түрлі тапсырмалар арқылы табиғат әлемінің құпияларын зерттеп, танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттырды.

🎁 Сайыс соңында жеңімпаздарға арнайы марапаттар табысталып, белсенділік танытқан барлық оқушылар ынталандырылды. Бұл ойын оқушылардың жаратылыстану пәніне деген қызығушылығын оятып, ұжымдық жұмысқа бейімдеу және жан-жақты дамуына ықпал ету мақсатында өткізілді