9-сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық ойын – «Білім шыңы»
9-сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық ойын – «Білім шыңы» Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ топтық жұмыс арқылы көптілділік дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар түрлі қызықты және танымдық тапсырмалар орындап, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеді. Қатысушылар белсенділік танытып, тапқырлық пен білім деңгейлерінің жоғары екенін көрсете білді. Интеллектуалдық ойын оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, жағымды әрі мазмұнды атмосферада өтті. Іс-шараны ұйымдастырған жауапты мұғалімдер: Шеризат Айжан, Тұрсынбай Гүлмаруа.