Мектеп кітапханасының оқу залында кітапханашылар Онербаева Ұ, Мукыжанова А ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік - тұғырым» атты іс – шара өтті. Оқушылар 4 топқа бөлініп, желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік жетістіктері туралы өз білімдерін сайыса отырып көрсетті. Іс – шара басында желтоқсан оқиғасы туралы, желтоқсан қарлығаштары туралы , оқуға ұсынылған «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «1986 жыл Алматы, Желтоқсан» атты кітаптар жинағы көрсетілді. Алғашқы сайыс топ басшылар арасында өтіп, олар блиц сұрақтарға жауап берді. Келесі бөлімде әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап беріп, өз жобаларын қорғады . Келесі сәтте Отан, ерлік, батырлық туралы мақалдар жалғасын тапты. Іс – шара соңында «Тәуелсіздік» сөзінің ішіне жасырылған сөздерді тауып, өз ой – қиялдарының ұшқырлығын көрсетті. Оқушылар бұл сайысқа белсене қатысып өз білімдерін толықтырды.Сайыс соңында топтар марапатталды