2022-2023 оқу жылының жаңалықтары

Ұлы тарих – кемел келешекке жетелейді

2022 жылдың 20 желтоқсан күні тарих пәнінің апталық аясында Тарих бірлестігінің ұйымдастырылуымен «Ұлы тарих – кемел келешекке жетелейді» атты интеллектуалды сайыс өтті.

Интеллектуалды сайыстың мақсаты: Оқушыларды білімді, жан-жақты болуға баулу. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.Интеллектуалды сайысты тарих пәні мұғалімдері Танекова Жулдыз Кайратовна және Қабденова Мадина Дулатқызы жүргізді. Әділқазы алқалары: директордың бейінді және бейіналды ісі жөніндегі орынбасары Токмурзина Г.С. және тарих пәні мұғалімі Смагулова А.С. болды.

Интеллектуалды сайыс 6 сынып оқушылары арасында өтті.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды.

1. Тағылым (Ұяшықтар арқылы берілген сұрақтарға жауап беру)

Әрбір ұяшықта сұрақтар жасырылған. Таңдаған ұяшыққа байланысты ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі оқушы жауап берсе болады.

2. Тұлға (суретте жасырылған тұлғалардың кім екенін табады)

Әрбір оқушы кім жасырынғанын табады. Жауап бергеніне қарай ұпай беріледі.

3. Таным (1 минутта берілген 10 сұраққа жауап беру)

Әрбір оқушы 10 сұраққа жауап береді. Жауап берілген сұрақ санына қарай ұпай беріледі.

Сайыстың шарты бойынша бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ең төмен ұпай алған 2-оқушы сайыстан шығарылды. Екінші кезең бойынша сайыстың шарты бойынша 1-оқушы сайыстан шығарылды.

Кезеңдерді қорытындылап төмендегі оқушылар марапатталды.

І орын – 6 «Г» сынып оқушысы Бағдатқызы Мөлдір

ІІ орын – 6 «А» сынып оқушысы Қабдраш Шыңғыс

ІІІ орын – 6 «Е» сынып оқушысы Курбанкулов Элбекке берілді.

Қорытынды бөлімде директордың бейінді және бейіналды ісі жөніндегі орынбасары Токмурзина Гүлсара Салмұқановнаға сөз берілді, қатысқан оқушыларға тілегін арнап, ризашылығың білдірді және оқушыларды марапаттады.