2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

17 қараша ұлттық ойындар челленджі

Астана қаласы әкімдігінің “С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының” 5-6 сынып оқушылары арасында “Бес табан” , “Бес асық” атты республикалық челленджіне орай ұлттық ойындардан жарыс өткізілді.

Челлендж өткізудегі мақсат — білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.

Челлендж - бұл кең көлемді республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған.

#diucfvorken
#біртұтастәрбие
#АЛТЫНСАКА
#2ТОҚСАН
#АЛТЫНСАҚА