2021-2022 оқу жылының жаңалықтары

1 қыркүйек- Білім күні

1 қыркүйек- БІЛІМ КҮНІ мерекесінде "КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!" атты алғашқы қоңырау салтанатты жиынына 1- сынып бүлдіршіндері қуана, шаттана қадам басты.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық ғылыми - практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" директоры Нурланов Елдос Болатханұлы ӘЛІППЕМЕН қайта қауышқан өрендерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.