2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

Шебер сабақ

«Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ»

Мектебімізде шебер зерттеуші мұғалімдер арасында «Шебер педагог-озат тәжірибе» тақырыбында өз тәжірибелерімен және озық әдістерімен бөлісетін, әріптестерінен жаңа нәрселерді үйренетін шеберлік сабақтарын жалғастыруда. Шеберлік сабақтарының нәтижесінде белсенді оқытуды тәжірибеде қолдану үшін мұғалімдердің көзқарастарын оңтайландыруды жүзеге асырып келеді.. Шеберлік сағатын үйлестіруші жоғары санатты, педагог-зерттеуші, «Үздік педагог-2014» иегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаршыға Сайлаукүл Сламбекқызы қазақ тілі пәні бойынша 6 «И» сынып оқушылардың қатысуымен «Олимпиада-спорт шыңы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Шебер ұстаз өз сабағында жасанды интеллекттің білім берудегі ең пайдалы мүмкіндіктерінің бірі екендігн көрсете білді. Жасанды интеллект білім берудің ажырамас бөлігіне айналуда, біздің оқу және табысқа жету жолын өзгертеді. Қиындықтарға қарамастан, осы саладағы ілгерілеудің келешегі жігерлендіреді, қазіргі заманғы әлемнің қажеттіліктерін көрсететін неғұрлым қолжетімді, жекелендірілген және сапалы білім беруге жол ашады.Жасанды интеллект арқылы оқушылардың жұмыстарын тексеруге, сөздік қорын арттыруға және тіпті грамматиканы үйренуге көмектеседі. Оқушылар өздерін нақты деректер ғалымдары рөлінде сынап көреді және мұғалімге ақылды көмекші жасай алатындын сабақ барысындажүзеге асырды. Қатысушы ұстаздар мен жас мамандар шебер ұстаздан өзара тәжірибе алмасып, әр қатысушы шебер ұстаздан шебер сабақты көре білді, өз қоржындарын бір тиімді әдіспен толықтырды. Үздіксіз еңбектенген ұстаз ғана өз мақсатына жетеді! @astana_adistemelik_ortalyq