2022-2023 оқу жылының жаңалықтары

Тәуелсіздік – мәңгі елдің тұғыры

«Тәуелсіздік – мәңгі елдің тұғыры» атты тарих пәнінің апталығы аясында Тарих бірлестігінің ұйымдастыруымен Смағұл Сәдуақасұлының есіміне арналған мектеп оқушыларының арасында олимпиада болып өтті.
Олимпиаданың мақсаты – Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси репрессия құрбаны Смағұл Сәдуақасұлының халық үшін атқарған қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
1 - кезең Эссе ( 60 минут). Смағұл Сәдуақасұлының өмірі, қызметі және саяси көзқарастарына қатысты тақырыптар берілді, оқушылар таңдаған тақырыптар негізінде жазды.
2 – кезең Тест тапсырмалары ( 30 минут). ХХ ғасырдың басы – ХХІ ғасыр аралығындағы Қазақстан тарихы негізінде.
Олимпиаданың қорытындысы негізінде оқушылар жүлделі орындарға ие болды.