Қыркүйектің 27 күні С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасындағы «Буллинг және суицидтің алдын алу» мақсатында профилактикалық дәріс сағаты өткізілді. Дәрістің мақсаты: ✔Оқушыларға психологиялық көмек көрсету; ✔Оқушыларды өмірді сүюге және қызықты да өкінбейтіндей өткізуге тәрбиелеу. -Дәрісті “Салауатты Астана” отбасылық дәрігерлік орталығының психологі Рахметулла Жансая оқыды. «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсанындағы № 506 бұйрығындағы 2 тарау п.4 сәйкес, “Салауатты Астана” отбасылық дәрігерлік мамандары мектеп оқытушылары «Буллингтің (қорқыту, зорлық-зомбылықтың) алдын алу жолдарымен таныстырып өтті.
