8 "Д" сынып оқушылары, Қазақстан Республикасының ұлттық музейіне барып экскурсия жасады. Оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдаланып, рухани азық алып, білімдерін кеңейтті. Сынып жетекшілері: Мұқият Қойшыбай.
Музей туралы айтар болсақ, Қазақ қоғамында ықылым заманнан бабалар мұрасын, салт-санасын, әдеби туындылары мен дәстүрлі өнерін білу, сақтау, ұрпақ бойына сіңіру аса маңызды ұстанымдардың бірі болып саналып келген. Бұған дәлел ХХІ ғасырға қадам басса да қазақтар әлі күнге дейін өзінің шығу тегін, жеті атасы мен үлкен шежіресін білуді өздеріне міндет санауы. Ал салыстырар болсаңыз, қазіргі таңда бізден әлдеқайда экономикалық тұрғыда озып кеткен әлемнің дамыған елдерінде өз жеті атасын ақсүйектің ұрпақтары білуі мүмкін, бірақ, қарапайым тектен шыққандардың басым бөлігі оны білуді өздеріне маңызды деп те санамайды.
Осы орайда ел аузында «Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер» деген мақал бар. Оған қоса, дүниежүзінің екінші ұстазы атанған әйгілі бабамыз Әл-Фараби да: «Өткенді білмей, бүгінгіні түсінбей, болашаққа болжам жасау қиын» деген екен. Яғни, ұлтымыздың тұла бойында өз тарихына деген құрмет атам заманнан қалыптасып, қаны мен сүйегіне сіңіп кеткен.
Қазақ даласы аспан астындағы музей іспеттес. Фольклорымыз сонау түркі кезеңінен бергі эпостар мен дастандарға, поэмаларға толы. Тек сол рухани байлықты анықтап, хатқа түсіріп, хатқа түсіп зерттелгендерін келер ұрпаққа насихаттау біздің Ұлттық музейдің басты мақсаты.
Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының идеясымен құрылған еліміздегі тұңғыш ең алып мұражай артефакттерді сақтап қана қоймай, жаңаша зерттеулер жүргізумен, шетелдерге көрме ұйымдастырумен және түрлі қоғамдық-танымдық шаралар жүргізумен шұғылданады.
Музейде сан қырлы тарихымыздың жәдігерлері мен жаңа өнер туындыларын бұқара халыққа паш етуге арналған арнайы 11 экспозициялық зал жұмыс жасайды. Әр залдың өзіндік зерттейтін тарихи кезеңі белгіленген, тиісті білікті мамандар тобы құрылып, жаңашыл жобаларды қалыптастырып жүзеге асыру даңғыл жолға қойылған. Музей залдары заман талабына сай LED экрандар мен қажетті мультимедиялық құрылғылармен жабдықталған.