2021-2022 оқу жылының жаңалықтары

« Мектепте тарих пәнінің оқытылуының маңыздылығы» тақырыбында 9 сыныптар арасында дебат

Мектебімізде 10 наурыз күні «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы-тарих» атты тарих апталығы аясында « Мектепте тарих пәнінің оқытылуының маңыздылығы» тақырыбында 9 сыныптар арасында дебат болып өтті. Сайыс барысында оқушылар жақтаушы «Ақиқат» және даттаушы «Парасат» фракциясына бөлініп, өз пікірлерін деректер мен дәйектерге сүйеніп, қорғай білді. Нәтижесінде әділқазылар алқасының шешімімен, «Парасат» фракциясының спикерлері айқын басымдылықпен жеңіске жетті.