28 қыркүйек күні мектебімізде дерматовенеролог Багатырева О.А. және психолог Баймаханова А.Х. “Жасөспірім кездегі бет күтімі және түрлері” атты дәріс сағатын өткізді. Мақсаты: ▫Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы екенін түсіндіру; ▫Салауатты өмір сүруге, зиянды заттардан аулақ болуға үйрету; ▫Жекебас гигиенасын сақтау ережесін қалыптастыру; ▫Денсаулыққа күтім жасауға, таза, ұқыпты болып жүруге тәрбиелеу. Шара барысында дәрігерлер дайындап әкелген презентациясын таныстырып, жеке гигиена, дұрыс тамақтану және бет күтімі туралы сөз қозғады. Соңында оқушыларға қызықты сұрақтар қойылды. Оқушылар да өздерінде туындаған сұрақтарын дәрігерге қойып, жауаптарын алды.
