2025-2026 оқу жылының жаңалықтары (2-жарты жылдық)

«№ 78 мектеп-гимназия» 2026 жылғы 5 мамыр күні мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен ардагер Штрикунов Петр Ивановичке құрмет көрсетті.

Іс-шара барысында ардагердің үйіне арнайы барып, оның соғыс жылдарындағы және бейбіт өмірдегі елеулі еңбегі туралы мәліметтер тыңдалды. Оқушылар ардагерге ізгі тілектерін білдіріп, алғыс айтты.
Штрикунов Петр Ивановичтің тылдағы қажырлы еңбегі ел тарихында ерекше орын алады. Оның өмір жолы мен ерлігі жас ұрпақ үшін үлгі болып табылады. Ардагердің еңбегі мен елге сіңірген қызметі ешқашан ұмытылмайды.
Іс-шара соңында ардагерге сый-сияпат табысталып, мектеп ұжымы атынан ризашылық білдірілді.