Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлына арналған " Тарихта мәңгі өшпейтін ізі қалған" атты I - ші Қалалық мүшәйра өтті. Мүшәйраның басты мақсаты- қысқа ғана ғұмырында ұлттық мемлекеттік мүдде тартысына ерте араласып, артына мол мұра қалдырып, мемлекеттің нығаюы жолында сүбелі еңбек еткен, ерекше құбылыс болып, қазақ аспанынан аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан асыл азаматтың ұлы есімін ұрпақтар санасына жеткізу. Бұл мүшәйра Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты барлық жалпы білім беру оқу орындарының 8- 11 сынып оқушылары қатысты. Мектептерге алдын - ала мүшәйра ережесін жіберген болатынбыз. Көптеген мектептерден сұраныс түсті. Алғашқы іріктеуден өткен талантты оқушыларды ғана шақырдық. # 62 МЛ, 63 МГ, 69 МЛ, 70 МЛ, 76 МЛ, 80 МГ, 90 МГ, 78 МГ оқушылары қатысты. Мүшәйраға келіп түскен оқушылардың жырлары сұрыпталды. Бұл мүшәйра биыл бастау алған мектепте жыл сайын осы уақытта өткізілетін дәстүрлі "С.Сәдуақасұлы" мүшәйрасы болып жалғасын таппақ. Смағұл рухына арналған жырды тыңдап, жүректерге жылылық сыйлады. 90 МГ оқушысы, Оралбек Биназир бас жүлдені алса, I- дәрежелі дипломмен, Қайратұлы Абылай 76 мектеп - лицей оқушысы, II дәрежелі дипломмен, Мейірхан Нұржалғас 69 МГ, II дәрежелі дипломмен мектебіміздің оқушысы, Тастан Мәншүк, III дәрежелі дипломмен Жеңісбай Аружан 63 МГ, Серік Мерей 80 МГ III дәрежелі дипломмен, 70 МЛ оқушысы, Қуандықова Аяулым III дәрежелі дипломмен марапатталды. Қалибек Бақдәулет 62 МЛ оқушысы, Мағзұм Мәруа, Зинадин Шұғыла алғыс хат берілді. Барлық оқушылар, Абай Құнанбаевтың қара сөздері жинағын сыйлыққа алды, және қазақ тілі бірлестігінің арнайы тапсырыспен мектеп атауымен жасалған қолжазба кітапшасы да сыйға тартылды. Келген қонақтар мен оқушылар қазақ тілі бірлестігіне үлкен алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Әділқазы құрамында Республикалық айтыстардың жүлдегері, ақын Өтепбаев Тоба және Республикалық жыр байқауының бірнеше рет жеңімпазы мектебіміздің ақын ұстазы Мұқият Қойшыбай, Мектебіміздің ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдикадырова Гулиза Сарсембевна.
Әділқазы құрамында Республикалық айтыстардың жүлдегері, ақын Өтепбаев Тоба және Республикалық жыр байқауының бірнеше рет жеңімпазы мектебіміздің ақын ұстазы Мұқият Қойшыбай, Мектебіміздің ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдикадырова Гулиза Сарсембевна.