2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

“С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының белсенді оқушыларынан құрылған “Ділмәр” дебат клубы “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында мектепішілік пікірсайысын өткізді.

Бұл тақырыпта пікірсайыс өткізудің басты мақсаты:

•Қоғамның әртүрлі орталарындағы орын алатын сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу;

•профилактикалық жұмыстарын насихаттау;

•оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдармен таныстыру, құқықтық мәлімет беру;

•саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, оқушылардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен ортаға салып, талқылай білуге ықпал ету, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу