2024-2025 оқу жылының жаңалықтары

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған интеллектуалды сайыс өтті

2025 жылғы 7 ақпан күні Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп- гимназиясында 8-сыныптар арасында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған интеллектуалды сайыс өтті. Іс-шараның мақсаты ақын мұрасын насихаттау, өскелең ұрпақты поэзияға баулу және ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыруға негізделді.