2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

Адалдық-адамдықтың белгісі

09.10.2023ж. 11 сынып оқушылары арасында "Адалдық-адамдықтың белгісі атты сынып сағаты болып өтті, Оқушылар адалдық туралы өз ойларын ортаға салып, постер қорғады. Оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді шыңдау мақсатында жүргізілген жұмыста, баланың бойына өзіне деген сенімділігін молайту, жауапкершіліктің жоғары болуын сезіну, өмірде өз орнын тауып, адал жолмен өмір сүру қажет екендігі айтылды.