2025-2026 оқу жылының жаңалықтары

«Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында гимназияда ақпараттық дәріс өтті 26 қаңтар, 2026ж.

«Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясынды астана қаласы полиция Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Айтжан Алтайұлы Танқақов мен инспектор-кинолог полиция капитаны Кабиденова Эльмира Молдабаевналар білім алушыларға есірткіге қарсы күрес тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.

Дәріс барысында полиция қызметкері есірткінің адам өміріне тигізетін зияны, оның жастар арасында белең алып, қоғамның өзекті мәселесіне айналғаны туралы кеңінен әңгімеледі. Есірткінің адам ағзасын тез әлсірететіні, жүйке жүйесін бұзатыны, ойлау қабілетін төмендететіні және өмір жасын қысқартатыны нақты мысалдармен түсіндірілді. Оқушылар дәріс барысында көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Болашақ жастар мұндай кездесулердің өздеріне үлкен ой салып, өмірлік дұрыс таңдау жасауға ықпал ететінін атап өтті.