2021-2022 оқу жылының жаңалықтары

Қалалық Сәкен оқулары

Мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын насихаттау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 8-11-сынып оқушылары арасында 2021 жылдың 15 қазақ күні өткізілді.
Сәкен оқуларының мақсаты – мектеп оқушылары арасында ақынның шығармаларын насихаттау, әдеби тіл байлығын дамыту, классикалық әдебиеттерді дәріптеу.
«Сәкеннің сыр сандығы» номинациясы бойынша 11 «Ә» сынып оқушысы Мағзұм Мәруа қатысып, III орын иеленіп, марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлбазар Бағзиқызы.