2025-2026 оқу жылының жаңалықтары

2025 жылдың 15 қазанында 5 "А" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер" бөлімі бойынша "Тілашар" тақырыбында ашық сабақ өтті.

2025 жылдың 15 қазанында 5 "А" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер" бөлімі бойынша "Тілашар" тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар сабақ барысында қаза халқының дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық құндылықтарынан мол мағлұмат алды. Ұлттық құндылықтар – бір ұлттың тарихы, мәдениеті, тілі, дәстүрі, салт-санасы арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын негіздер. Оларды сақтап қалу және дамыту қоғамның тұрақтылығы мен келешегі үшін маңызды. Қазіргі жаңа дәуірде дәстүрге сай тәрбие арқылы ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу – отбасының ғана емес, қоғам мен мектептің басты міндеті. Сабақ барысында тойдың сәніне айналған "шуылдақ - қоржын ашу" дәстүрі көрініс тауып, балаларға тілашарға арналған сыйлықтар таратылды