Кеш барысында ақынның балалық шағынан сыр шертетін сахналық көрініс қойылып, оқушылар жүрек тебірентер жырларын мәнерлеп оқыды.
📖 «Үш бақытым», «Отан» секілді жалынды өлеңдер көрермен көңілінен ерекше орын алды.
Сонымен қатар, Мұқағали сөзіне жазылған әндер шырқалып, поэзия мен саз үндестігі кештің көркін аша түсті.
Кешіміздің арнайы қонағы – Роза Бағланова атындағы мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының “Халық қазынасы” бөлімінің солисті, республикалық конкурстардың лауреаты Саниязбекұлы Айдос Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған “Сәби болғым келеді” және “ Нені аңсаймын” дәстүрлі әндерін орындалды, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
Домбыраның күмбірі мен Мұқағали жыры үндескен тағылымды кеш көпшілік жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз 🤍