2025-2026 оқу жылының жаңалықтары (2-жарты жылдық)

📣9-сынып оқушыларына арналған «Смағұл Сәдуақасұлы және Алаш мұрасы» қалалық олимпиадасы басталады!

9-сынып оқушыларына арналған «Смағұл Сәдуақасұлы және Алаш мұрасы» қалалық олимпиадасы ұйымдастырылады. Білім сайысы екі кезеңде өтеді.

📅 Олимпиаданың іріктеу кезеңі 2026 жылғы 11 ақпанда, қалалық кезеңі 2026 жылғы 13 ақпанда өтеді.

🎯 Мақсаты: Алаш қайраткерлері мен Смағұл Сәдуақасұлының ұлттық мүдде тұрғысындағы қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылық мұрасын зерделеу арқылы оқушылардың зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын дамыту, ұлттық құндылықтарға негізделген азаматтық ұстанымын нығайту.
📍 Өткізу орны:

Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы

(Астана қ., Ә. Нұршайықов к-сі, 8)
⏰ Басталуы: 09:00

📝 Тіркеу: 08:00–08:45
Сәттілік тілейміз! 🌟