📣9-сынып оқушыларына арналған «Смағұл Сәдуақасұлы және Алаш мұрасы» қалалық олимпиадасы басталады!
9-сынып оқушыларына арналған «Смағұл Сәдуақасұлы және Алаш мұрасы» қалалық олимпиадасы ұйымдастырылады. Білім сайысы екі кезеңде өтеді.
📅 Олимпиаданың іріктеу кезеңі 2026 жылғы 11 ақпанда, қалалық кезеңі 2026 жылғы 13 ақпанда өтеді.
🎯 Мақсаты: Алаш қайраткерлері мен Смағұл Сәдуақасұлының ұлттық мүдде тұрғысындағы қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылық мұрасын зерделеу арқылы оқушылардың зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын дамыту, ұлттық құндылықтарға негізделген азаматтық ұстанымын нығайту. 📍 Өткізу орны:
Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы
(Астана қ., Ә. Нұршайықов к-сі, 8) ⏰ Басталуы: 09:00