2024-2025 оқу жылының жаңалықтары

Тарихшы-ғалымдармен кездесу

📚✨ "Смағұл Сәдуақасұлының ағартушылық мұрасы және бүгінгі сын-қатерлер" атты тарихшы-ғалымдармен кездесу өтті ✨📚

📌 С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында белгілі тарихшы-ғалымдармен "Смағұл Сәдуақасұлының ағартушылық мұрасы және бүгінгі сын-қатерлер" тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.

🔹 Кездесу барысында ғалымдар Смағұл Сәдуақасұлының қазақ ағартушылығы мен білім саласындағы рөлі туралы тың деректермен бөлісті.

🔹 Білім мен ұлттық сана-сезімді дамытудағы оның еңбектері қазіргі заман үшін де маңызды екендігі талқыланды.

🔹 Оқушылар мен ұстаздар қызықты сұрақтар қойып, пікір алмасты.

📖 Ұлттық мұраны сақтау – келешек ұрпақтың міндеті!