2025-2026 оқу жылының жаңалықтары (2-жарты жылдық)

28 сәуір күні 9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру аясында Ақмола облысы білім басқармасына қарасты Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжіне экскурсияға барды.

Экскурсия барысында оқушылар колледждің оқу үдерісімен, материалдық-техникалық базасымен және сұранысқа ие мамандықтарымен танысты. Мамандар білім алу мүмкіндіктері, болашақтағы жұмысқа орналасу жолдары және мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы ақпарат берді.