2022-2023 оқу жылының жаңалықтары

Тәуелсіздік – мәңгі елдің тұғыры

Сәлем, достар!

Мектебімізде «Тәуелсіздік – мәңгі елдің тұғыры» атты тарих пәнінің онкүндік аясында Тарих бірлестігінің ұйымдастыруымен 10- 11 сыныптар арасында «Ұлттың атасы тарих, анасы тіл, қуаты салт-дәстүр» атты танымдық – зияткерлік интеллектуалды сайыс өтті.
Мақсаты: Бүгінгі өскелең ұрпақты тарих тағлымдарымен сусындатып, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу. Туған жердің қорғаушысы болуға шақыру.Сайысты тарих пәні мұғалімдері Молдахметов Жайсаң Жұмабекұлы мен Аглакова Айнаш Алибековна жүргізді. Әділқазы алқалары тарих пәні мұғалімдері болды.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
1 айналым – Төл тарихыңнан не білесің?
2 айналым – Кім жылдам ?
3 айналым – Сергіту ойындары
4 айналым – Білім баспалдағы
Сайыстың қорытындысы бойынша 11 «Б» сыныбы І орынды иемденді.