2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

”Әжемнің сандығынан” шебер сынып

”Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының жұмысы аясында “С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында “Ашық есік” күні өткізілді.

Шара барысында мектебіміздің жанынан құрылған “ҒИБРАТ” әжелер мектебінің ақ жаулықты әжелері “Әжемнің сандығынан” атты шебер сынып өткізді.

«Ғибрат» - әжелер мектебін құрудағы негізгі мақсат:

•отбасылық құндылықтарды сақтау;

•әжелердің бала тәрбиелеудегі рөлінің маңыздылығын көрсету;

•Әже өнегесінен үлгі алуға, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіруге баулу, имандылық, инабаттылық, іскерлік негізінде тәрбиелеу