2021-2022 оқу жылының жаңалықтары

«ӘДЕБИЕТ ӘЛІППЕСІ» оқулары мектепішілік кезеңі

Мектепшілік кезең “Әдебиет әліппесі” оқулары 2-4 сыныптар арасында 27 қыркүйек күні ұйымдастырылды.
“Әдебиет әліппесі” оқуларының мақсаты: мектеп оқушыларының қиялын , эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, халық шығармашылығын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Шығармашылық қабілетін арттыру, әдеби тіл байлығы , көркемсөз оқу шеберлігін ұштау.
2021 жылдың 27 қыркүйек күні ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізілді.
  1. «Өнер алды....» - ертегіні мәнерлеп, жатқа оқу номинациясына 4 «А» сынып оқушысы Сакенов Алтынбек;
  2. «Ойлан, тап» - берілген сөздер мен сөз тіркестерінен өлең жолдарын құрастыру номинациясына 4 «А» сынып оқушысы Орынбаев Ақсұлтан;
  3. «Алтын сақа» - шығарманы жалғастыру номинациясына 4 «В» Ерғали Мұқағали;
  4. «Ақ желкен» - шығармашылық жұмыс номинациясына 3 «Б» сынып оқушысы Курмангазинов Бейбарыс қалалық кезеңге жолдама алды.