2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

№78 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы тілдерінің XXV қалалық фестивалі аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

№ Іс-шаралар Қысқаша ақпарат Орындалысы 1 «Тіл өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай мектебімізде «Тіл өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» онкүндік ашылу салтанаты өткізілді. Онкүндіктің мақсаты:-Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту; -Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету; -Қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қатысқан оқушылар саны:280, мұғалімдер саны: 130 https://www.instagram.com/reel/CxStgkcM4A7/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== 2 «Тіл – ұлт байлығы» атты эссе байқауы 18 қыркүйек күні мектебімізде «Тіл – ұлт байлығы» атты эссе байқауы өтті. Байқауға 10-11-сынып оқушылары қатысты. Эссе байқауының мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын нақты және сауатты жеткізе білуге баулу, қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау және марапаттау. Нәтижесінде 11 «А» сынып оқушысы Шынали Еңлік І орын, 10 «Б» сынып оқушысы Сахаева Ұлжан ІІ орын, 11 «Ә» сынып оқушысы Асылханқызы Жансая ІІІ орынды иеленді. Жауапты: Уахит Д.К. Қатысқан оқушылар саны:80, мұғалімдер саны: 10 https://www.instagram.com/p/Cxh2RM3MPpS/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== 3 «Ғылыми терминдерді қазақша аударған дұрыспа?» тақырыбында пікір сайыс 2023 жылдың 19 қыркүйегінде 7 «Г» сыныбында тілдер мерекесіне орай «Ғылыми терминдерді қазақша аударған дұрыс па?» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Пікірсайыстың мақсаты: математика, информатика пәндеріндегі ғылыми терминдерді қазақша қолдануды дәріптеу; ана тіліміздің қолданысын кеңейту. Пікірсайыста оқушылар екі топқа бөлінді. Бірінші топ «Математика, информатика пәндеріндегі ғылыми терминдерді қазақша қолдану дұрыс» деген пікірде өз ойларын талқыға салды. Екінші топ «Математика, информатика пәндеріндегі ғылыми терминдерді қазақша қолдану дұрыс емес» деген пікірді ұстанып, өз ойымен бөлісті. Екі топтың да оқушылары өз ұстанымдарындарын түрлі аргументтер мен фактілер келтіру арқылы қорғап шықты. Қатысқан оқушылар саны:45, мұғалімдер саны: 5 https://www.instagram.com/reel/Cxi0LvrMmtU/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== 4 «Язык орудие мышления» атты мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған орыс тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Язык орудие мышления» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға 7,8,9 сынып оқушылары қатысты. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің орыс тілі мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене атсалысты. Осы мақсатта пән мұғалімдері екі сахналық көрініс ұйымдастырып, интеллектуалды ойындар өткізді. Жеңімпаз топтарға сыйлықтар таратылды. Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін көрсетіп орыс тілінде әндер орындады. Барлық қатысушылар тілге деген қызығушылықтарын танытып, шараға зор ықыласпен белсене қатысты. Қатысқан оқушылар саны:80, мұғалімдер саны: 9 https://www.instagram.com/reel/CxgIqfHs25p/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== 5 «Қазақстан мен әлем суретшілерінің шығармашы-лықтарына саяхат жасау» Тілдер мерекесіне орай 6-7 сыныптар арасында Қазақстан суретшілерінің шығармашылығы жайлы ой қозғадық және де сұрақ- жауап ойыны болды. Жалпы оқушылар Әбілхан Қастеев, Айша Ғалымбаева, Еркін Мергенов, Жаңатай Шәрденов т.б шығармашылықтары жайлы ой қозғады және де сөз қозғай отырып, шығармашылықтарын қарап зерттеп сол бойынша ақпарт алды. Мақсаты:Оқушыларды суретші Айша Ғалымбаева, Ә. Қастеевтің шығармашылық өмір жолымен оның өнер туындыларымен таныстыру; оқушылардың қазақ бейнелеу өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы республика көлеміне кеңінен таныс. Ол өзінің сапалы өмірін отанының көркем образын жасауға арнаған. Ә. Қастеев тақырыптық картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыптарында ақпарат алды. Қатысқан оқушылар саны:75, мұғалімдер саны: 8. https://www.instagram.com/p/CxxlxE1M6EB/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== 6 «Be the best teacher!» 21 қыркүйек күні Тілдер мерекесіне орай ағылшын тілі бірлестігі бойынша Шебер сынып жүргізілді. Мақсаты: Ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен өз тәжірибимен алмасу, бөлісу;ағылшын тілі пәнін оқыту барысында қызықты әдіс-тәсілдерді қолдану– тіл үйренудің тиімді әдісі. Шебер сынып «Be the best teacher!» тақырыбында өткізілді. Шебер сыныпты жүргізген ағылшын тілі пәні мұғалімі Жуматаева Асель Турсынбековна. Қатысқан оқушылар саны:120, мұғалімдер саны: 13. https://www.instagram.com/p/CxgMy5YMm_b/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== Спорттық сайыс Мектебімізде өтіп жатқан «Тіл онкүндігі» аясында спорттық эстафеталық ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: -Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру; -Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; -Оқушыларды жылдамдыққа,шапшаңдыққа үйрету; -Білім,білік дағдыларын кеңейту. Қатысқан оқушылар саны:40, мұғалімдер саны: 9. https://www.instagram.com/reel/CxgDg-Wslmp/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== 7 “Тілім менің тірлігімнің айғағы” атты тәрбие сағаты өткізілді Тілдер апталығы аясында “Тілім менің тірлігімнің айғағы” атты тәрбие сағаттарыы өткізілді. Мақсаты: ✔Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу; ✔Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру; ✔Елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Қатысқан оқушылар саны:2725, мұғалімдер саны: 130. https://www.instagram.com/p/CxSuGbpsJHG/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== 8 “Тілім менің - тірлігімнің айғағы” атты мәнерлеп оқу сайысы Тілдер онкүндігі аясында 4-сынып оқушылары арасында “Тілім менің - тірлігімнің айғағы” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: ✔️ Оқушылардың өлеңге, сөз өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру; ✔️ Өлең оқу мәнерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; ✔️Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту. Жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды. https://www.instagram.com/reel/Cxm_nibsn5K/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== 9 «Ақындар айтысы-2023» С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында 5-8 сынып оқушылары арасында «Ақындар айтысы-2023» атты сайыс өткізілді. Айтыстың мақсаты: ✔Қазақ халқының ұлттық құндылығының бірі айтысты насихаттау; ✔Ұлттық рух пен патриотизмге, дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу; ✔Талантты оқушыларды анықтау. https://www.instagram.com/p/CxrhxNiKSy4/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== 10 «Тілім менің тірлігімнің айғағы » Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай өткізілген апталықтың «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты жабылу салтанаты өткізілді. Іс-шараны мектебіміздің қазақ тілі және тарих пәнінің бірлестіктері өткізді. Мақсаты: Білім алушыларды мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету; Тіл тазалығын сақтау, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру; Ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту, білім алушылар арасында толеранттықты қалыптастыру. Қатысқан оқушылар саны:250, мұғалімдер саны: 70. https://www.instagram.com/p/CxgNcFGskta/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==