2021-2022 оқу жылының жаңалықтары

«Алтын сақа» математикалық олимпиада

Атаулы олимпиада «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Зерделі» білім беру орталығының серіктестігі аясында ұйымдастырылып, өткізілді.
«Алтын сақа» олимпиадасының мақсаты – олимпиадалық резервті қалыптастыру, математикаға қабілетті оқушыларды анықтау, оқушылардың математикалық ұғымдарды талдауы мен сыни тұрғыдан ойлауын, күрделі есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
13 қараша күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
6-сынып оқушысы Дәулет Дарын 2- орын, 5-сынып оқушысы Есенгельдина Айшабибі Қуандыққызы 3-орын, 5- сынып оқушысы Жәнібек Ғұмырбек жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды. Олимпиаданың қалалық кезеңі 20 қараша күні өткізіледі.
Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, және алдағы білім додасында сәттілік тілейміз!