2025-2026 оқу жылының жаңалықтары (2-жарты жылдық)

«Ата-аналарды қауіпсіздік мәселесін кейінге қалдырмауға шақырамыз.

«Ата-аналарды қауіпсіздік мәселесін кейінге қалдырмауға шақырамыз. Бүгін-ақ терезелеріңізде ашылуды шектейтін құрылғылардың бар-жоғын, терезе алдындағы жиһаздың алынып тасталғанын және баланың терезені өздігінен аша алмайтынын тексеріңіз. Осындай қарапайым шаралар баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін», – деп атап өтті дәрігер.

Мамандар балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің қырағылығынан басталатынын еске салады. Бала демалыс кезінде үйде болғандықтан, қауіпсіз орта қалыптастыру жауапкершілігі ата-ананың мойнында. Қарапайым сақтық шаралары мен тұрақты бақылау кейін орны толмас қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді.