2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

“Шебердің қолы алтын” үйірмесінің қатысушылары

🔰С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының “ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ АЛТЫН” атты үйірмесінің еңбекқор оқушылары бүгін “Хабар 24” телеарна тілшілеріне сұхбат бере отырып, өз туындыларының қалай жасалатыны жолымен бөлісті.Мәдениетіміз мен өнерімізді паш ететін құндылықтарымыздың бірі – қолөнерге мектебіміздің оқушыларын баули отырып, іскерлікке, икемділікке үйретіп жүрген үйірме жетекшісі - Атыбай Ләззәт Әбділдақызы☺️👏🏻 және де көркем еңбек пән мұғалімдері - Тусипжанов Бауыржан Алкенович пен жас маман - Жалынышұлы Ахжол шеберлік сабақтарын көрсетті. 🔰Үйірменің негізгі мақсаты: оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына ықпал ете отырып еңбекке баулу, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді, мәдени мұраларымызды, сәндік қолданбалы өнерімізді жаңғыртуға баулу және жобалау мен жасау әдіс- тәсілдерін үйрету. Және де оқушылардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, өздігінен еңбек етуге ықпал етіп келешек өмірге дайындау.