2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

«Қазақша Quiz»

С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары бастаған “Ділмәр” тобы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайысына қатысып, ұйымдастырушылар атынан Алғыс хатқа ие болды

Әр түрлі саладағы 20 мекеме сайысқа қатысып, “Тест сұрақтары” , “Сөзжұмбақ” , “Үш сурет” , “Ән сөзі” , “Қазақ киносы” , “Ойлан тап” турлары бойынша сынға түсті.

Сайыстың басты мақсаты қазақ тарихын, мемлекеттік тілін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ғылымы мен өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, ұжыммен жұмыс жасау

#16_Тәуелсіздік_күні