2025-2026 оқу жылының жаңалықтары (2-жарты жылдық)

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында біздің мектепте «Нашақорлықсыз болашақ» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шараға 5–7 сынып білім алушылары белсенді қатысып, өз шығармашылық жұмыстары арқылы салауатты өмір салтын насихаттады. Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа зиянды әдеттердің алдын алу, денсаулықтың маңызын түсіндіру және болашаққа саналы көзқарас қалыптастыру.

Оқушылар суреттерінде өмірдің құндылығын, денсаулықтың маңызын және нашақорлықсыз жарқын болашақты бейнеледі.