2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

«Ұраным, қорғаным, сен Алаш!» атты тарихи-танымдық іс-шара

19 сәуір күні Астана қаласы әкімдігі «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қазақтың айтулы тұлғалары, алаш арыстары Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиннің шығармашылығын ұлықтау мақсатында «Ұраным, қорғаным, сен Алаш!» атты тарихи-танымдық іс-шарасы өткізілді.

​Іс-шараның мақсаты: Алаштың тау тұлғалы алыптарының сан-салалы мұрасын насихаттау, Алаш қайраткерлері ту еткен ұлттық сананы көтеру, ұлттық руханияттың өзегі-ана тілінің рухани-мәдени тарихымыздың дамуындағы алатын орнын айқындап берген, ардақты арыстардың озық ойлы көзқарастарын елге паш ету. Көрнекті ақын, қарымды қаламгер, бойларына сан өнерді тоғыстырған жан-жақты дарын иелерінің ұлт жолындағы күрескерлік еңбектерін бағалау, Алаш идеясы- қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы екендігін кеңінен дәріптеу, рухы мықты, жігерлі, намысты жалынды жастарымызды отанды құрметтеуге, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

Іс-шара барысында «Руханият» мекемесінің басшысы Әділ Орынбасарұлы және ҚР Президенттік орталығы республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Темірболат Бақытжан Берікбайұлы алғысөздерін айтып, келелі ой пікірлерін білдірді. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінен сахналық қойылымды №78 С.Сәдуақасов атындағы мектеп-гимназиясының 9-шы сынып оқушылары шығарманың негізгі айтылған тақырыбын аша отырып, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті. Халық игілігі үшін жасалатын маңызды іс-шаралардың басы-қасында жүріп, әрдайым белсенді атсалысып жүрген аталған мектептің жасөспірімдерін сахналық қойылымдарға дайындап, көркем әдебиеттің мол мұрасын бойларына сіңіруге бар ынта-жігерін салып жүрген осы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, көркемдік жетекшісі Омашева Ғалия Молдатайқызының еңбегі зор. @astana_adistemelik_ortalyq @ruhaniat.kz @78mektep_parlamenti @karlygash_esimkhanovna @astana_adistemelik_ortalyq @akimat__astana @astana_daryny @bilimastana @k.sengazyyev_official @tokayev_life @gani.beisembayev