2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

Ата-аналарға арналған ағартушылық-профилактикалық бағыт бойынша СЕМИНАР өткізілді

С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының тәрбие бөлімі ата-аналарға арналған ағартушылық-профилактикалық бағыт бойынша “Зорлық-зомлылықсыз балалық шақ” тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: Ата-аналар мен бала арасындағы сенімді, сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, ата- аналардың жауапкершіліктерін, міндеттерін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуге жағдай туғыза отырып, ата-анасының баласына деген сенімін ояту.

Семинарды мектеп директоры алғы сөзімен ашып берді, әрі қарай семинар барысында ата-аналарға “Оқушылармен жүргізілген ашық микрофон” атты бейнеролик көрсетіліп, Нұра ауданының полиция инспекторы Гүлмира Қайыржанқызының “Мен және менің отбасым” атты тренингімен жалғасты. Сондай-ақ мектебіміздің педагог-психологтары сергіту сәтін өткізіп, мектеп парламентінің оқушылары “Ұшақ ұшыру” әдісі арқылы ата-аналарға арналған жылы лебіздерін жеткізді.