2025-2026 оқу жылының жаңалықтары (2-жарты жылдық)

«ART-MIR KZ» фестиваль қозғалысы ұйымдастырған «Сердце сцены» халықаралық көпжанрлы байқауында мектебіміздің оқушылары өнер көрсетіп, жоғары жетістікке қол жеткізді.

Жас өнерпаздарымыз сахнада өз шеберліктерін жоғары деңгейде танытып, «Gold Step» академиясының намысын абыроймен қорғады.

Жетекшісі – Темірбаева Алуа Қанатқызы.

Оқушыларымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, толағай жетістік және биік белестер тілейміз.
2026-02-19 00:38