2025-2026 оқу жылының жаңалықтары

Қазақ тілі апталығы аясында, бүгін мектеп кітапханасында, Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, Мыржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақ руханиятының шамшырағы» атты тағылымды кездес

Қазақ тілі апталығы аясында, бүгін мектеп кітапханасында, Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, Мыржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақ руханиятының шамшырағы» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Кеш қонағы Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету » Орталығының «Зерттеу және экспозициялық көрмелерді ұйымдастыру» бөлімі басшысы Қабиден Қуанышбайұлы арнайы келіп, тұлғалар төңірегінде тұшымды ой, сүбелі деректермен бөлісті. Кешке қатысып отырған оқушыларға өнеге болатын, солар өмір сүрген тарихи дәуірді тілге тиек етіп, маңызды ақпараттарды мысалға келтірді. Тұлғаларымыздың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін айырықша атап өтті. Емін-еркін сұрақ, жауап түрінде өрбіген әңгіме барысында адамилықтың, тұлғалық келбеттің, ұлтқа жанашырлықтың қыр-сыры ортақ талқыланған кеш, әрбір тыңдаушылардың жүрегіне үміт шамын жаққандай болды.