Бүгін мектебімізде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие беру бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығы бойынша, «Заң саласындағы мамандықтар» тақырыбында кездесу өткізілді.
Бүгін мектебімізде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие беру бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығы бойынша, «Заң саласындағы мамандықтар» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Астана қаласы Полиция департаменті, “Алматы” ауданы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөліміне қарасты учаскелік инспектор, полиция майоры Саметов Бауыржан Қабділмәлікұлы арнайы шақырылды. Аталған іс-шараға 9 «В» және 10 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында полиция майоры заң саласындағы мамандықтар, құқықтық тәртіп, жасөспірімдердің жауапкершілігі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөнінде мазмұнды ақпарат берді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар ұсынылды. Айта кету керек, полиция майоры Саметов Бауыржан Қабділмәлікұлы – 10 «Ә» сынып оқушысы Қабдүлмәлік Бақытжанның әкесі. Аталған кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және болашақ мамандықты таңдауға оң әсерін тигізді.