Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2024 жылдың 23 қазан күні «Білім берудегі цифрлық дағдыларды дамыту: қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне С. Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының базасында қалалық семинар ұйымдастырды. Мектептің 10 жылдығына орай әдістемелік орталықтың әдіскері Р.М. Сыдыкова, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары С.А. Эркинбекова информатика пән мұғалімдері, А.Е.Рахимбекова, Д.Б.Мырзахметов, С.Т.Бижанова, К.Б.Есхожаева, Б.А.Ақан, Қ.М.Малекенова, К.Е.Базарбаева, Б.Р.Мыңбаева, және М. Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі А.Б. Ильясова, №82 Дарын мамандандырылған лицейінің информатика пәні мұғалімі А.Б. Әбдіжаппарова, №21 орта мектеп информатика пәні мұғалімі Л.С. Темирова спикер болып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың мақсаты: цифрлық бағытқа қарай бағытталды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), интерактивті оқыту құралдары, геймификация - ойын элементтерін пайдалану және жасанды интеллект (ЖИ) арқылы тиімді әдістер мен технологияларды пайдалану.
Семинар барысында мұғалімдер тек қана сабақтармен шектелмей, Quest интеллектуалдық ойынына қатысып өз білімдерін шыңдады.