Skip to content

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР —- ТӘРБИЕ КӨЗІ

30-31 маусым 1 маусым аралығында Астана қаласы Білім басқармасы, Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Астана қаласының Әдістемелік орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, С. Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы және Астана қаласы әкімдігінің Техникалық және көркем шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты білім саласы қызметкерлері, бейнелеу өнері, көркем еңбек пән мұғалімдерінің білім алушыларына арналған республикалық шығармашылық фестивалі өтті . Бұл фестифаль Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп — гимназиясында мектеп жанындағы «Атамекен» этнолагерінің «Бүгінгі оқушы – ертеңгі болашақ» атты салтанатты ашылуымен жалғасты!

Іс-шараға Республика білім саласының қызметкерлері, бейнелеу өнері мен көркем еңбек пәні мұғалімдері және олардың білім алушылары қатысты. Қонақтар үш топқа бөлініп, түрлі психологиялық тренингтерден өтіп, көңілді ойындар ойнады және қызықты квестке қатысып, белсенділік танытты.
Республикадан келген қонақтар мен мектеп балалары үшін бұл күн есте қаларлықтай мазмұнды өтті. Лагеріміз алда да қызықты шаралармен жалғасын табады!