Skip to content

«Құндылығы галереясы

«Құндылығы галереясы»


Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында ұстаздар қауымына «Құндылықтар галереясы» атты 6 әлеуметтік жоба таныстырылды. «Қамқор» –қайырымдылық және еріктілік қызметі,«Еңбегі адал –
жас өрен»,«Шабыт» ,«Ұшқыр ой
алаңы»,«Smart Bala»,«Балалар
кітапханасы»,«Кітап оқитын
ұлт»,«12 ай – 12 кітап»,«Қала менен
басталады»,«Денсаулық пен әл-ауқат –табыстың негізі»,«Біз сені досыңбыз»
Аталған жобалардың негізгі мақсаты – оқушылардың бойындағы адамгершілік, жауапкершілік, мейірімділік, отансүйгіштік, еңбекқорлық және өзара құрмет сияқты құндылықтарды күнделікті өмірмен байланыстыра отырып дамыту.

Жобалар арқылы оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, жақсы бастамаларға қолдау көрсету және мектептегі қолайлы, ізгі орта қалыптастыру көзделеді.

Ұстаздар жобалардың мазмұнымен танысып, олардың тәрбиелік маңызы мен жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Құндылық – сөзбен емес, әрекетпен қалыптасады.
Ал жақсы әрекет – жақсы ортадан басталады.