Skip to content

ОҚЫ. ДӘЛЕЛДЕ. ҰСЫН!

ОҚЫ. ДӘЛЕЛДЕ. ҰСЫН!

«12 ай – 12 кітап» және «Балалар кітапханасы» жобалары аясында 8 «Е» және 8 «Ғ» сынып оқушылары «Оқы. Дәлелде. Ұсын» атты ерекше кітап таныстыру бастамасын жүзеге асырды.

Бұл жолы оқушылар оқыған кітаптарын құрдастарына таныстырып қана қоймай, шығарма туралы өз ойларын ортаға салып, пікірлерін дәлелдермен жеткізіп, оқуға тұрарлық туындыларды ұсынды.

Кітап оқу – таным көкжиегін кеңейтетін, ойды ұштайтын, сөздік қорды байытатын рухани әлемге саяхат. Ал оқығаныңмен бөлісу – кітапқа деген қызығушылықты өзгелерге де жеткізудің тамаша жолы.

Жас оқырмандарымыздың бұл бастамасы құрдастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, оқуға деген ынтаны арттыра түседі деп сенеміз!