«МЫҢ КІТАП – БІР ОҚЫРМАН» атты кездесу кеші бойынша анықтама
2026 жылғы 13 қарашада Астана қаласындағы Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназияда «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында «Мың кітап – бір оқырман» атты кездесу өтті. Кездесудің қонағы — мыңға жуық кітап оқыған 5 «Е» сынып оқушысы Байскакова Кәусар Азаматовна.
Кездесудің мақсаты — жас оқырманның тәжірибесі арқылы оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру, күнделікті кітап оқуға ынталандыру және кітап оқудың тұлғалық дамудағы маңызын көрсету.
Кездесудің барысында жас оқырман Кәусар кітап оқуға қалай қызыққанын, оқуға қалай уақыт табатынын және есінде ерекше қалған шығармалар туралы әңгімеледі. Кездесуге қатысқан оқушылар жас оқырманға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Кездесу барысында Кәусар құрбысына кітап сыйлады. Ол сыйлаған кітапты «8 минуттық оқу» аясында сыныптастарымен бірге оқып, алған әсерлерімен бөлісетіндерін айтты.
