ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Өркен орталығының ұйымдастыруымен 9–11 сынып оқушылары арасында өткен волейболдан қалалық жарыста №78 мектеп-гимназиясының командасы жүлделі ІІ орынға ие болды!
Сонымен қатар, мектебіміздің оқушысы Палуан Жанибекхан «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды!
Бұл жетістік – командалық бірліктің, табандылықтың, тынымсыз еңбектің және спортқа деген сүйіспеншіліктің нәтижесі.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!
Мектебіміздің мерейі үстем бола берсін!
