КІТАП ОҚУДАН КӨШ БАСТАҒАН ЖАС ОҚЫРМАН!
Мектебіміздің 5 «Е» сынып оқушысы Байскакова Кәусар – кітап оқуды өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған ерекше дарынды оқушыларымыздың бірі.
Жас оқырман бүгінге дейін 1000-ға жуық кітап оқып, білімге деген құштарлығымен, ізденімпаздығымен және кітапқа деген сүйіспеншілігімен көпке үлгі болып келеді.
Кәусардың бұл жетістігіне ерекше назар аударған Астана қаласының әкімдігі жас оқырман туралы арнайы мақала дайындап жатыр.
Бұл – оқушымыздың еңбегіне берілген жоғары баға әрі жас ұрпақ арасында кітап оқу мәдениетін насихаттаудың жарқын үлгісі.
Кәусарға білім жолында толағай табыс, жаңа белестер мен шабыт тілейміз! Оқитын ұлттың жарқын өкілі болып, талай жетістіктерге жете бер!
Кітап оқыған ұрпақ – кемел келешектің кепілі!




