16.02.2022
Нұр-Сұлтан қаласы №78 мектеп-гимназиясында «Есіл» ауданы әкімінің бастамасымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға уәкілі,полиция майоры Әлия Қибатқызы жоғары сынып оқушылары арасында «Нұр-Сұлтан — есірткісіз қала» тақырыбында дәріс сабағын өткізді. Дәріс соңында оқушылар өздерін ойландырған сұрақтарына жауап берді. Дәріске 205 оқушы қатысты.



