Бала денсаулығы – басты назарда!
Баланың мектептегі әр күні – тек білім алумен ғана емес, оның дұрыс тамақтануы, денсаулығы және көңіл-күйімен де тығыз байланысты.
Осы орайда мектеп асханасының жұмысы – біз үшін аса маңызды бағыттардың бірі. Бүгінгі бейнероликте оқушыларымызға күнделікті ұсынылатын тағамдар мәзірін назарларыңызға ұсынамыз.
Балалардың уақытылы, сапалы әрі құнарлы тамақтануы – олардың сергек болып, оқу үдерісіне белсенді қатысуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі.
Оқушыларымыздың мектепте өзін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін жасалған әрбір қадам – мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі.
Басты мақсатымыз – балаларымыздың денсаулығын нығайтып, сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау.
Балаларымыздың дені сау, болашағы жарқын болсын!