БІЛІМДІЛЕР БӘСЕКЕСІ – 2026!
2026 жылғы 12 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК-де 2026–2027 оқу жылына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың 8–11 сынып оқушылары арасындағы алгебра пәнінен мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың білім деңгейін анықтау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, дарынды әрі ізденімпаз оқушыларды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Зияткерлік сайыс барысында оқушылар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және терең ізденістерін көрсетті.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Білім бәйгесінде биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!
Білім – болашаққа бастар жол!

